Page 9 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 9
үлесіне және құрамына байланысты. Мұнайдың ароматты көмірсутектері
басқа қосылыстармен салыстырғанда асфальтты-шайырлы (смолалы)
заттарды өте жоғары дәрежеде еріте алады.
Мұнайдың құрамы элементтік, фракциялық және топтық деп жіктеледі [2], [4].
Мұнайдың элементтік құрамы деп, ондағы әртүрлі химиялық
элементтердің бірлік үлестегі немесе пайыздағы массалық құрамын айтамыз.
Мұнайдың негізгі элементі көміртегі (С) мен сутегі (Н) болып табылады.
Көбінесе мұнайда көміртегінің пайыздық үлесі - 83-87%, ал сутегінің
үлесі - 12-14% құрайды. Ал басқа элементтер - күкірт, азот, оттегі және тағы
басқалары 3-4% аралығында кездеседі.
Күкіртті қосылыстар (меркаптандар, сульфидтер, күкіртсутектері)
металдарды қатты коррозияға ұшыратады және мұнайдың тауарлық сапасын
төмендетеді. Еркін күкірт мұнайда сирек кездеседі және күрделі күкіртті
қосылыстарға ыдырайды. Зияндық (улы) қасиеті бойынша барлық осы аталған
күкіртті қосылыстардың ішінде күкіртсутегі ең қауіпті болып табылады.
Мұнай құрамына кіретін, оттекті құрамды компоненттерге - нафтенді
және майлы қышқылдар, фенолдар және т.б. жатады. Нафтенді қышқылдың
құрамы бірнеше пайызға дейін жетуі мүмкін. Нафтенді қышқылдар тез
жағымсыз иіс шығаратын аз ұшатын сұйықтар болып келеді, олар суда
ерімейді, бірақта мұнай өнімдерінде жеңіл ериді. Сілтілі металдары бар қабат
суларымен әрекеттескен кезде түзілетін нафтенді қышқыл тұздары -
эмульгаторлар болып табылады.
Азоттық қосылыстар мұнай құрамында аз мөлшерде кездеседі (0,5%
дейін).
Асфальтты-шайырлы заттар жұқа беттегі мұнайдың түсін анықтайды
(сарыдан, қоңырдан бастап қараға дейін). Олар күрделі қоспалар болып келеді.
Оларда көміртегі, сутегі және оттегі атомдарымен қатар күкірттің, темірдің,
магнидің, никельдің және т.б. заттардың атомдары болады. Шайырлар сілтілер
мен қышқылдарда ерімейді, бірақ жеңіл мұнай дистилляттарында толық ериді.
Шайырлардың тұтқырлықтары өте жоғары, тығыздығы шамамен 1,0-ге тең.
Асфальтендер - жеңіл бензиндерде ерімейді, бірақта бензолда, хлороформде
жақсы ериді. Ол морт сынғыш, әдетте қара түсті болып келетін қатты зат.
Олардың тығыздығы 1-ден артық. Мұнайдағы асфальтендер мен
шайырлардың жалпы мөлшері 20-25% дейін жетуі мүмкін. Бұл заттар -
сумұнай эмульсиясының негізгі табиғи тұрақтандырғышы, олар мұнайдың
көбіктенуіне жағдай жасайды.
Мұнайда аз мөлшерде металдар - ванадий, никель, хром, темір, магний
және т.б. кездеседі.
Мұнайдың фракциялық құрамын, айыру барысындағы әртүрлі қайнау
температурасымен олардан шығатын фракциялар арқылы анықтайды. Мұнай
фракцияларының қайнау температурасы:
30-205 °С - бензин; 200-300 °С - керосин;
120-240 °С - лигроин (аралық фракция);
300 ° С –тан астам температурада мазуттар алынады.
9

