Page 10 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 10

Айдау барысында алынған өнімдерді, егер олар 350 °С-қа дейін қайнаса
            -  ашық  фракциялар  деп,  ал  егер  қайнау  шегі  350  °С  және  оданда  жоғары
            температурада қайнаса - қара фракциялар деп атайды.
                   Мұнайлар келесі түрде бөлінеді:
                1.   ашық фракциялардың шығуы бойынша түрлерге
            (қайнау температурасы 300 °С дейін)
            І түрі - ашық фракциялардың шығуы 45%-дан жоғары
            ІІ түрі - 30-45% аралығында
            ІІІ түрі - ашық фракциялардың шығуы 30%- дан төмен
                2.   құрамындағы күкірт мөлшері бойынша кластарға
            І класты - аз күкіртті (күкірт 0,5%-дан көп емес)
            ІІ класты - күкіртті - 0,51-2% аралығында
            ІІІ класты - жоғары күкіртті - 2%-дан жоғары
                3.   қүрамындағы парафиннің мөлшері бойынша
            аз парафинді - 1,5 %-дан төмен
            парафинді - 1,5 - 6% аралығында
            жоғары парафинді 6%-дан жоғары
                4.  шайыр мөлшері бойынша
            аз шайырлы - 18%-дан төмен
            шайырлы – 18-35% аралығында
            жоғары шайырлы - 35%-дан жоғары
                   Мысалы  Өзен  кен  орнының  XVІ  қабатының  мұнайының  құрамында
            19,3%  парафин, 0,2%  күкірт,  16,8%  шайыр, 31,3% ашық түсті фракция бар
            десек, онда І-класты аз күкіртті, ІІ-түрге жататын ашық фракциялы, жоғары
            парафинді және аз шайырлы болып жіктеледі.



                   1.2 Мұнай мен мұнайөнімдерінің жылуфизикалық қасиеттері


                   Мұнайдың  жылулық  қасиеті.  Ұңғы  өнімдерін  жинау  және
            дайындаудың технологиялық процесінде сұйық ағындары қыздырылып және
            салқындатылады. Процестерді және аппараттарды есептеу және жобалау үшін
            жылулық  қасиетін  білу  қажет,  оған  меншікті  жылусыйымдылығы,
            жылуөткізгіштік  және  жану  жылулығы  жатады.  Заттың  жылулық  қасиетін
            эксперимент  түрінде  анықтау  үлкен  еңбекті  талап  етеді,  сондықтан
            техникалық  есептерде  эмпириялық  формулаларды,  графиктерді,  номограм-
            маларды және кестелерді қолданады.
                   Жылусыйымдылық - бұл заттың бойындағы жылу мөлшерінің сәйкес
            температура өзгерісіне қатынасы.
                   Меншікті  жылусыйымдылық  -  бұл  масса  бірлігіне  келтірілген
            жылусыйымдылық. Практикада бұл арқылы 1 кг затты 1°С-қа қыздыру үшін
            қажетті      жылу       мөлшерін       (кДж)      ұғынамыз.       Мұнайдың         меншікті
            жылусыйымдылығы 1,7 - 2,1 кДж/кг×К аралығында ауытқиды.




                                                          10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15