Page 12 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 12

Мұнай өнімдерінің қайнау аралық температурасының өсуімен олардың
            тығыздығы көбейеді. Температураның өсуімен мұнай өнімдерінің тығыздығы
            кемиді  де,  ал  сыбағалы  көлемі  өседі.  Көптеген  мұнай  өнімдеріне  (әсіресе
            парафині  аздарға)  тығыздықтың  температураға  байланыстылығы  тура
            сызықты  заңдылықпен  өзгереді,  Д.И.Менделеевтің  тапқан  формуласына
            сәйкес төмендегідей:

                                                                                                                    (1)
            мұнда         -  мұнай  өнімінің  берілген  температурадағы  салыстырмалы
                                                                             0
            тығыздығы;           -  стандартты  температурадағы  (20 С)  мұнай  өнімдерінің
            салыстырмалы  тығыздығы;  -  температураның  бір  градусқа  өзгергендегі
            тығыздықтың өзгеруіне енгізілетін түзету.
                   Тұтқырлық. Мұнай және мұнай өнімдерінің тұтқырлығы немесе ішкі
            үйкелісі  химиялық  және  фракциялық  құрамға  байланысты.  Кинематикалық
            және  динамикалық  тұтқырлық  болады.  Кинематикалық  тұтқырлықты
            динамикалық  тұтқырлықтың,  сұйықтың  тығыздығына  қатынасы  есебінде,
                                                                 2
            бірдей температурада анықтайды, өлшемі м /с.
                                                                       3
                   Шартты  тұтқырлық  (ШТ)  деп  200см   сынаушы  мұнай  өнімінің
                                                                                                         3
                                                                                             0
            вискозиметрден  сынау  температурасында  ағу  уақытының  20 С  200см
            дистилляицияланған  судың  ағу  уақытына  қатынасын  айтады.  ШТ  –
            салыстырмалы  көрсеткіш  (сондықтан  да  өлшемсіз) және  шартты  градуспен
             0
            ( ШТ)  беріледі.  Шартты  тұтқырлық  тағы  да  Сейболт  және  Редвуд
            секунттарымен  де  беріледі  (Сейболт  және  Редвуд  вискозиметрлерінде
            өлшенеді).  Шартты  тұтқырлықты  көбінесе  тұтқыр  ауыр  мұнай  өнімдеріне
            анықтайды.

                   Тұтқырлықты  температураға  байланысты  берілген  мұнай  өнімінің
            қисық  сызықты  болып  келеді.  Осы  байланысты  көрсететін  әртүрлі
            эмпирикалық теңдеулер белгілі.
                   Тұтқырлық           индексі      –     мұнай      өнімдерінің       кинематикалық
                                                    0
            тұтқырлығының  50  және  100 С  қатынасы.  Тұтқырлық  индексі  мұнай
            майларының  пайдалану  қасиеттерін  сипаттайды.  Егер  температураның
            өзгеруімен  майлаушы  майлардың  тұтқырлығы  аз  өзгерсе,  онда  оның
            тұтқырлық  индексі  жоғары  және  соғырлым  оның  сапасы  жақсы  болады.
            Тұтқырлық  индексі  мұнай  өнімдерінің  топтық  көмірсутек  құрамына  және
            көмірсутектердің  құрылымына  байланысты.  Ең  көп  тұтқырлық  индексі
            парафинді  көмірсутектеріне,  ең  аз  –  қысқа  тізбекті  көп  сақиналы
            ароматикалық көмірсутектерге тән.
                   Молекулалық  масса.  Молекулалық  масса  -  мұнай  мен  мұнай
            өнімдерінің өте маңызды сипаттамасы. Бұл көрсеткіш мұнай фракциясының
            заттарының  «орта»  молекулалық  массасының  мәнін  көрсетеді  және  мұнай
            өнімдерінің  құрамы  жөнінде  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Оны
            мұнай  өңдеу  аппараттарын  есептеуге  қолданады.  Молекулалық  масса
            өнімдердің  қайнау  температурасына  байланысты  және  молекулалық
            рефракцияны,  парохорды  (мұнай  фракцияларының  химиялық  құрамын
            сипаттайтын  эмпирикалық  байланыс)  анықтауда  пайдаланады.  Мұнайдың

                                                          12
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17