Page 11 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 11
Жылуөткізгіштік - заттар молекуласының немесе атомдарының
жылулық қозғалысы әсерінен жылу беру процесін өрнектейді және
жылуөткізгіштік коэффициентімен (Вт/м×К) сипатталады. Тауарлы мұнай
үшін жылуөткізгіштік коэффициенті 0,14 - 0,16 Вт/м×К құрайды.
Жану жылулығы - немесе жылу шығару қабілеті - бұл 1 м газдың
3
немесе 1 кг сұйық немесе қатты отынның толық жанған кезінде бөлетін жылу
мөлшері (кДж). Есептер кезінде әдетте төменгі жану жылулығы қолданылады.
Жану жылулығын эксперименталды анықтайды (калориметр-лерде отынның
белгілі бір мөлшерін жағу арқылы) немесе белгілі элементарлық құрамынан
немесе тығыздығынан шыға отырып формула бойынша есептейді.
Мұнайдың төменгі жану жылулығы 8,5 ккал/кг немесе 35 кДж/кг,
мазуттікі 9,5 ккал/кг немесе 40 кДж/кг.
1.3 Мұнайөнімдерінің физикалық, химиялық қасиеттері
Мұнай - сұйық каустобиолеттср катарына жататын табиғишикі зат.
Мұнай _ ашық сары, жасыл және қоңыр қошқыл, кейде қара түсті болып
келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгіп сауле жарығын шығаратын сұйықтық.
Оның түсі құрамындағы элементтерге байланысты. Кей жағдайларда түсі
ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы: Әзірбайжан мемлекеттеріндегі [8]
Сурахаиа кен орнынан ақтүсті мұнай өндіріліп келеді. Генетикалық тұрғыдан
алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталығында пайда болған, басқаша
айтқанда мұнай тектерінің езгерістсрге ұшырауынан пайда болған
органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу (миграция) арқылы
шоғырланып жиылған табиғи концентрат болып саналады.
Мұнайды өңдеудің әдістерінің және тауарлы мұнай өнімдерінің,
шаруашылықтың әртүрлі саласында пайдалануының негізін физика-химиялық
процестер құрайды. Осы процестерді басқару үшін мұнай фракцияларының,
олардың құрамына кіретін көмірсутектерінің және басқа шикі заттағы
органикалық қосылыстардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерін
терең білу қажет.
Тығыздық. Мұнай мен мұнай өнімдерін сипаттауға абсолюттікті де,
салыстырмалы тығыздықты да пайдаланады. Іс жүзінде негізінен
салыстырмалы тығыздықты анықтайды, ол өлшемсіз, бірдей көлемдегі мұнай
өнімінің массасының су массасына 40С қатынасына тең. МССТ-да мұнай
өнімдерінде 200С өлшенген тығыздық көрсетіледі және ол деп белгіленеді.
Кейбір елдерде тығыздықты анықтауға стандартты температура есебінде
мұнайға да, суға да 150С алынады да деп белгіленеді.
Тығыздыққа кері мәнді – сыбағалы көлемді мұнай мен мұнай
өнімдерінің резервуарлардағы мөлшерін өлшеу үшін көп қолданады.
3
Сыбағалы көлемді см /г және м3/т өлшейді. Тығыздықты анықтаудың
стандарты есебінде пикнометрлік және ареометрлік әдістері (МССТ 3900-85)
қолданылады.
11

