Page 8 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 8

Сондай-ақ,  мұнай  майларын  алу  үшін  ауыр  мұнайөнімдерінің
            фракцияларға  (негізінен  вакуумдық  газойль)  бөлінуін  атап  өткен  жөн.
            Төменде  жоғары  қайнаған  көмірсутектердің  қоспасы  болып  табылатын
            (негізінен алкилнафтендік және алкиллароматикалық) және 300⁰ С-тан астам
            температурада  айдау  арқылы  алынатын  мұнай  майларының  фракцияларын
            қайнату шекаралары келтірілген.

                   3-кесте. Мұнай майларының фракцияларын қайнату шекаралары

             Мұнай майларының фракциялары                   Қайнау температуралары
                                                                      0
             Жеңіл (трансформаторлық                        300-400  С
             дистиллят)
                                                                      0
             Орташа (машиналы дистиллят)                    400-450  С
                                                                      0
             Ауыр (цилиндрлік дистиллят)                    450-490  С

                   Өндіріс      әдісіне     сәйкес     мұнай      майлары       келесідей      бөлінеді:
            дистилляциялық,  тікелей  дистилляциялау  арқылы  алынған,  қалдық-
            гудрондардан қажетсіз компоненттерді алып тастау, парафинсіздендіру және
            гидротазалау-дистилляциялық және қалдық мұнай майларын араластыру.
                   Жер жүзінде 23 мыңнан астам кенорны болса, оның ішінде Қазақстанда
            200-ге жуық мұнай кенорны бар. Әр кен орнының мұнай құрамы ерекше және
            қасиеті де әр түрлі.
                   Мұнайдың  қасиеті  өндіру  барысында,  мұнайдың  қабат  бойымен
            қозғалысында,  ұңғыда  және  жинау  мен  тасымалдау  жүйесінде  өзгеріп
            отырады.
                   Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді (С п Н 2п+2), нафтенді (С п
            Н 2п) және ароматты (С п Н 2п-6) көмірсутектер кіреді.
            Метанды немесе парафинді көмірсутектері метаннан (С 2Н 4) бастап, пентанға
            (С 5Н 12) дейін қалыпты жағдайда, яғни (Р=0,1 МПа және Т=273 К) газ күйінде
            болады. Ал пентаннан бастап гептадеканға (С 17Н 36) дейін - сұйық түрінде, ал
            одан  да  жоғарғысы  -  қатты  заттар  (парафиндер)  күйінде  кездеседі  [18].
            Мұнайдың  парафинді  көмірсутектерінің  жартысы  қалыпты  құрылымға,  ал
            қалған бөлігі тармақталған құрылымға ие екені белгілі. Изоалкандар - бензин
            мен  майдың,  олардың  пайдаланылу  сапасын  жақсартатын  бағалы
            компоненттер болып табылады.
                   Нафтенді  көмірсутектер  (циклоалкандар).  Моноциклді  нафтендер
            мұнайда циклопентанды және циклогександы көмірсутектермен кең танымал
            болып  келеді.  Нафтенді  көмірсутектері  -  моторлы  жанар  және  жағар
            майлардың  ең  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Нафтенді
            көмірсутектері  парафинді  көмірсутектеріне  қарағанда  асфальтендер  мен
            шайырларды өте жақсы еріту қабілетіне ие.
                   Ароматты  көмірсутектері  бензолдық  қатардың  циклді  шексіз
            көмірсутектеріне  жатады.  Мұнайдың  тығыздығы,  химиялық  тұрақтылығы,
            улылығы  және  басқада  сипаттамалары  ароматты  көмірсутектерінің  алатын


                                                           8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13