Page 4 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 4
КІРІСПЕ
Ұңғымалардан келетін мұнайды тазарту қажет. Ұңғымалардан
мұнаймен бірге қабат суы, ілеспе мұнай газы (ІМГ), механикалық
қоспалардың (тау жыныстары, қатайған цемент) қатты бөлшектері түседі.
Қабат суының құрамында 300 г/л дейін тұзы бар өте минералданған орта.
Мұнай резервуарындағы судың мөлшері 80% жетуі мүмкін. Минералды су
құбырлар мен резервуарлардың коррозиялық бұзылуын тудырады.
Ұңғымадан мұнай ағынымен келетін қатты бөлшектер құбырлар мен
жабдықтардың тозуына әкеледі. ІМГ шикізат және отын ретінде
пайдаланылады.
Мұнайды магистральдық мұнай құбырына (ММҚ) беру алдында оны
тұзсыздандыру, сусыздандыру, газсыздандыру, қатты бөлшектерді алып
тастау мақсатында арнайы дайындықтан өткізу техникалық және
экономикалық тұрғыдан орынды. Мұнай кен орындарында көбінесе мұнайды
жинау мен дайындаудың орталықтандырылған схемасы қолданылады. Өнімді
жинау ұңғымалар тобынан автоматтандырылған топтық өлшеу
қондырғыларына АТӨҚ (АГЗУ) жүргізіледі. Әрбір ұңғымадан жеке құбыр
арқылы газ бен қабат суымен бірге мұнай түседі. АТӨҚ -да әрбір ұңғымадан
түсетін мұнайдың нақты мөлшерін есепке алу, сондай-ақ газ құбыры бойынша
бөлінген газды газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) бағыттай отырып, қаттық суды, ІМГ
және механикалық қоспаларды ішінара бөлу үшін бастапқы сепарациялау
жүргізіледі. Ішінара сусыздандырылған және ішінара газсыздандырылған
мұнай жинау коллекторы арқылы Орталық жинау пунктіне (ОЖП) түседі.
ОЖП-де мұнай мен суды дайындау қондырғылары шоғырланған.
Мұнайды дайындау қондырғысында (МДҚ) оны дайындау бойынша барлық
технологиялық операцияларды кешенді жүзеге асырады. Бұл жабдықтың
жиынтығы МДҚК (УКПН) деп аталады-мұнайды кешенді дайындау
қондырғысы.
4

