Page 13 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 13
бірінші сұйық көмірсутегі пентанның молекулалық массасы 72-ге тең. Ал
мұнайдың шайыр заттарының молекулалық массасы 1500-2000 жетеді. Көп
мұнайдың орта молекулалық массасы 250-300 аралығында болады. Мұнай
фракцияларының аралық қайнау температурасы өскен сайын, олардың
молекулалық массасы (М орт) 90-нан (50-100 ºС фракцияларға) 480 дейін (550-
600 ºС фракцияларына) өседі.
Мұнай өнімдерінің молекулалық массасын анықтауды, жеке заттардыкі
сияқты, әр түрлі әдістермен жүргізеді, бұл олардың қасиетінің әртүрлілігін
көрсетеді. Бір өнімнің молекулалық массасын анықтау тәсілі екінші өнімнің
осы көрсеткішін анықтауға жарамайтыны жиі кездеседі. Аналитикалық
тәжірибеде криоскопия, эбулиоскопия және сирегірек осмотикалық әдістер
қолданылады.
Мұнайдың электр тогын өткізу қасиеті. Сусыз мұнай және мұнай
өнімдері диэлектрлі қасиет көрсетеді, яғни электр тогын өткізбейді. Мұнай
өнімдерінің салыстырмалы диэлектрикалық тұрақтысының Е мәні 2
шамасында, бұл шыны (Е=7), фарфор (Е=5-7), мрамор (Е=8-9) сияқты
изоляторларға қарағанда 3-4 есе кем. Сусыз таза мұнай өнімдерінің электр
тогын өткізгіштігі өте төмен. Мысалы, қатты парафиндер электротехникалық
өндірісте изолятор есебінде қолданылады, ал арнайы мұнай майлары
(трансформатор, конденсатор) – электро- және радио өндірістерінде
трансформаторларға, конденсаторларға және басқа аппараттарға құюға
пайдаланады. С-220 маркалы жоғары вольтті изоляцияға арналған майды
жоғары қысымды кабельдерде толтыру үшін пайдаланады. Барлық жоғарыда
келтірілген жағдайда, мұнай майлары ішінара жылуды бөліп жіберу
мақсатында пайдаланады.
Мұнай өнімдерінің жоғарғы диэлектрикалық қасиеті олардың бетінде
статикалық электр тогының зарядтарының жиналуына көмектеседі. Олардың
разряды ұшқын шығаруы, ал сондықтан мұнай өнімдерінің жануы, осының
нәтижесінде, өрт және қопарылыс болуы мүмкін. Статикалық электр тогының
түзілуі әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Мысалы, мұнай өнімдерін
мұржамен айдағанда үйкелістен немесе сұйық ағынның мұржаның
қабырғасына соғылуының нәтижесінде, кейбір кездерде өте жоғарғы кернеулі
заряд пайда болады. Мұндай статикалық электр тогының жиналуымен
күрестің ең тиімді әдісі аппараттардың, тораптардың, мұржа бойындағы
барлық металл бөлшектерін жерге жалғастыру болып саналады.
1.4 Мұнайды өңдеу қондырғылары
Мұнайды өңдеу қондырғыларында көп қолданылатын аппараттар мен
құрал-жабдықтар қатарына ректификациялау калонналары, құбырлы пештер,
жылу алмастырғыштар мен әртүрлі сыйымдылық аппараттар жатады.
Ректификациялау калонналары. Мұнай өңдеу зауыттарында
қолданылып жүрген ректификациялау калонналар технологиялық міндетіне,
13

