Page 14 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 14
қысымына, бу мен сұйық арасындағы жанасуды іске асыру тәсіліне, қоспа
өнімдерді бөлгенде алынған заттардың санына байланысты жіктеледі.
Ректификациялау аппараттары атқаратын міндетіне байланысты мұнайды
атмосферада айдау калоннасына, бензинсіздендіру, мазутты вакуумда айдау,
тұрақтандырушы және т.б. бөлінеді. Қысымға байланысты – қысымда
істейтұғын атмосфералы, вакуумды болып бөлінеді. Жанасуды іске асыру
тәсіліне байланысты табақшалы және отырғышты болып бөлінеді. Көпшілік
технологиялық қондырғыларда мұнайды өңдеуде тек табақшалы калонналар
қолданылады.
Ректификациялау табақшаларының әртүрлілері болады – қақпақты,
қақпақсыз, бағытталған – ағушы және т.б. Табақша деген металдан жасалған,
бойында көптеген, булардың өтуіне жасалған тесіктері бар диск. Тесіктер
бойында белгілі биіктікте бортиктер-стакандар орналасады. Олардың әсерімен
табақшада белгілі сұйық қабаты ұсталып тұрады. Стакандар жоғары жағынан
қақпақпен жабылады. Стаканның жоғарғы белдеуі мен қақпақтың арасында
төменгі табақшалардан түсетін буларды өткізу үшін саңылау болады. Жұмыс
кезінде қақпақтар сұйық қабатына батып тұрады да, осының әсерінен
гидравликалық кедергі түзіледі. Бу сұйықтық арқылы барботаждан өтеді.
Табақшалардағы сұйықтық деңгейі құйылушы қалқамен реттеледі.
Оның төменгі бөлігі келесі табақшаға дейін жетеді. Артық сұйықтық
құйылушы қалқамен төмен орналасқан табақшаға түседі. Қақпақтың деңгейін
қақпақ пен стаканның жоғарғы ернеуінің арасын өзгертумен реттеуге болады.
Қақпақтың әртүрлі конструкциялары: науалы, дөңгелек, алтықбырғалы,
S-тәрізді болады. МӨЗ 1960ж. дейін науалы қақпақты табақшалар қолданылып
келді. Олардың конструкциясы қарапайым және жеңіл жиналады. Науалы
табақшалардың негізгі кемшіліктері – барботаж бетінің аздығы(табақша
бетінің 30% дейін құрайды), бұл бу жылдамдығын өсіріп, флегманың онымен
ілесіп кетуіне алып кетеді.
Жылу алмастырғыштар. Жылуалмастырғыштар мұнай өңдеу және
мұнай-химия зауыттарының барлық технологиялық қондырғыларының
аппараттарының негізгі құрамына кіреді. Олардың құны технологиялық
қондырғылар құрал-жабдықтарының жалпы құнының шамамен 15% құрайды.
Жылуалмастырғыштарды процеске қатысушы өнімдерді қыздыруда,
буландыруда, конденсациялауда, кристалдауда, балқытуда және қатыруда,
сонымен қатар бу-генераторы және пайдаланушы-қазан есебінде
қолданылады.
МӨЗ қолданылып келе жатқан жылуалмастырғыштар, өның ішінде
алғашқы өңдеу қондырғыларындағылар мынандай топтарға бөлінеді: 1)
«құбыр құбырдағы» типтес жылуалмастырғыштар; 2) қанталма құбырлы
жылуалмастырғыштар; 3) ауамен суыту аппараттары; 4) тікелей араласумен
жылуалмастырғыштар.
Жылу алмастырғыш (ТО) – бұл жылуды бір ортадан екінші ортаға
беруге арналған құрылғы. Орталар (салқындатқыштар) сұйық және газ тәрізді.
Өнеркәсіптік жылу алмастырғыштар энергетикалық қондырғылардың
14

