Page 33 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 33
· мұнайдан газды сапалы түрде айыру;
· ақаба (сточный) суды дайындау және оларды ҚҚҰ жүйесіне беру;
· мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау (сусыздандыру және
тұзсыздандыру);
· тауарлы мұнайдың мөлшері мен сапасын дәл автоматты өлшеу;
Игерудің нақтылы жағдайында қандайда болмасын технологиялық
үрдістерді қолдану жобалаушы мекеменің технологиялық және экономикалық
есептерімен негізделеді. 4.8. суретте Ұңғы өнімдерін жинау және
дайындаудың жетілдірілген технологиялық сұлбасының негізгі варианты
ұсынылған.
Мұнайды дайындауға (МДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:
А-1 (С-1) – 1-ші сатылы айырғыш;
А-2 (С-2) – 2-ші сатылы айырғыш;
А-3 (С-3) – 3-ші сатылы ыстық айырғыш (яғни, соңғы айырғыш);
Т-1 (О-1) – алдын-ала сусыздандыру тұндырғышы;
Т-2 (О-2) – тереңірек сусыздандыру тұндырғышы (көбінесе А-2 мен
Т-2 бір аппаратта Т,А-2 орналасады);
П-1 – эмульсияны қыздыруға арналған пеш; ТТ – тамшы түзгіш;
А – сусызданған мұнайды алдын-ала тұзсыздандыру үшін оны тұщы
сумен араластыруға арналған араластырғыш;
Э – тереңірек тұзсыздандыруға арналған электродегидратор;
Р-1 – тауарлы мұнайды қабылдауға арналған резервуарлар;
А – мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеуге арналған автомат;
МС – мұнайды айдауға арналған сораптар.
Суды дайындайтын (СДҚ) және шламды дайындауға (ШДҚ) арналған
құрылымдар жиынтығы:
ТБ (БО) – МДҚ-нан келетін суды тұндыру блогы;
АМҚБ (БОН) – ауланған мұнайды қабылдау блогы;
МГЦ – Ағынды (сточный) сулардан (әсіресе жауын-шашын суларынан)
механикалық қоспаларды бөлуге арналған мультигидроциклон;
АҚБ (БОС) – буферлі сыйымдылықтан ағындарды қабылдайтын және
айдайтын блок;
ШС (ЕШ) – шламға арналған сыйымдылық;
СГБ (БДВ) – суды газсыздандыру блогы;
СШӨТ (УЗРВ) – су шығынын өлшейтін торап;
Р-2 – таза қабат суларының резервуары;
СС (НВ) – таза қабат суларына арналған сораптар.
Құбырларды белгілеу:
М1 – айырғыштың бірінші сатысынан өткен мұнай;
М2 – айырғыштың екінші сатысынан өткен мұнай;
М3 – кондицияланбаған (яғни сапалық дәрежеге жетпеген) мұнай;
М4 – тауарлы мұнай;
Г1 - айырғыштың бірінші сатысынан өткен газ; Г2 - айырғыштың екінші
сатысынан өткен газ; Г3 - айырғыштың үшінші сатысынан өткен газ;
33

