Page 26 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 26

2. МҰНАЙДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ

                   2.1 Мұнайды жинау әдістері

                   Мұнай  ұңғымаларының  өнімі  -  мұнай  газ  және  жер  асты  қабатының
            суынан  тұрады.  Мұнай  мен  судың  қуатты  араласуынан  көбінесе  қоспа-
            эмульсия  түзіледі.  Судың  өте  ұсақ  тамшылары  мұнай  ішінде  араласып
            жүретіндіктен        олар     бір-бірімен      қосылып,       тұнбаға      түспейді.      Газ
            ұңғымаларының  өнімінде  газдан  басқа  су  тамшылары  мен  буы,  ал
            газдыконденсат  ұңғымаларында  мұнымен  қоса  сұйық  көмірсутектер  де
            кездеседі. Газ бен сұйықтан басқа механикалық қоспалар да болады. Олар жер
            асты қабатынан бірге шыққан құм мен саз, балшық түйіршіктері. Мұнай мен
            газды  жинау,  тасымалдау,  бір-бірінен  ажырату  үшін  сол  сияқты  бөтен
            қоспалардан бөліп алу үшін мұнай өндірісі территориясында құбыр жүйелері,
            аспаптар, ғимараттар салынады. Олар төмендегідей қызметтер атқарады:
                   1. Ұңғыма өнімдерін жинау және өлшеу.

                   2. Мұнайдан газды айыру.
                   3. Мұнай мен газды судан және механикалық қоспалардан бөліп алу.
                   4. Мұнайды жинау және өлшеу қондырғыларынан резервуарлар паркіне,
            ал газды компрессорлық станцияларға немесе газ тарату тараптарына тасу.
                   5.  Мұнайды  сусыздандыру  кейде  тұзсыздандыру  мен  тұндыру.  Оны
            тұрақтандыру, яғни одан көмірсутектерін шығару.
                   6. Газ құрамынан керексіз қоспаларды шығарып алу.
                   Мұнай  кен  орындарында  мұнай  жинау  және  оны  дайындау  жүйесі
            көптеген факторларға байланысты, мысалы:
            - жергілікті жердің ауданы;
            - сорылатын сұйықтықтың қасиеттері;
            - ұңғымалар дебиті;
            - жер бедері;
            - табиғи жағдайлар.
                   Қазақстандық мұнай өндірушілер шикі мұнайды кәсіпшілік жинау мен
            тасымалдаудың  түрлі  жүйелерін  қолданады.  Олар  мұнай  қозғалысының
            өлшемдерінде және оны дайындау схемаларында ерекшеленеді.
                   Пайдаланылуы газ бен жеңіл фракциялардың жоғалуына әкеп соқтырған
            герметикаланбаған  жүйелердің  орнына  ірі  кен  орындарында  пайдалануға
            болатын герметикаландырылған жоғары қысымды жүйелер келді.
            Көбінесе  мұнайды  жинау  мен  дайындаудың  орталықтандырылған  жүйесі
            қолданылады.
            Өнімді  жинау  ұңғымалар  тобынан  автоматтандырылған  топтық  өлшеу
            қондырғыларына (АГЗУ) жүргізіледі.
                   Әрбір ұңғымадан жеке құбыр арқылы осы қондырғыларға қабат суымен
            араласқан  мұнай  мен  газ  түседі.  АГЗУ-ға  механикалық  қоспалар  мен
            резервуардағы  сұйықтықты  бөлу  үшін  бөлінеді.  Тазартылған  "қара  алтын"




                                                          26
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31