Page 101 - Munaidi jinau jane saqtau ushin jabdiktar
P. 101

Жөндеу         жұмыстары           үшін        пайдаланылатын            материалдар
               сертификатталған         болуы       маңызды.       Резервуарды        тазалау      алдында
               резервуардағы парафинді шөгінділерді шаю қажет. Газсыздандыру, мұнай мен
               мұнай өнімдерінің қалдықтарын жою және флегматизациялау операцияларын
               қауіпсіз жүргізу үшін:
                     1)  әрбір  резервуар  бойынша  су  буын,  мұнай  немесе  мұнай  өнімдерін,
               техникалық  жуу  құралдарының  ерітінділерін,  суды  беру  орындары  мен
               тәсілдерін,  сондай-ақ  газ  шығарындылары  мен  жуу  ерітінділерін  шығару
               жолдары  мен  орындарын  көрсете  отырып,  булау  (үрлеу),  жуу,
               флегматизациялау схемасын жасауға міндетті;
                     2)  резервуарды  булау  (үрлеу),  жуу,  флегматизациялау  режимін  орнату
               (ұзақтығы,  қысымы,  беру  өнімділігі,  температурасы,  флегматизациялайтын
               газ және т. б.);
                     3)  жауапты  тұлғаларды  таныстыруға  және  тікелей  орындаушыларға
               булау, үрлеу, жуу, флегматизациялау тәртібі туралы нұсқау беруге міндетті;
                     4) қажетті қосалқы материалдар мен жабдықтарды алдын ала дайындау.
                     Флегматизацияны  ауадан  ауыр  инертті  газдармен  жүргізу  керек.
               Флегматизациядан кейін резервуарлардағы жұмысты тыныс алу органдарын
               флегматизациялайтын  газы  бар  ауа  қоспасынан  оқшаулауды  қамтамасыз
               ететін  және  тыныс  алу  үшін  ауаның  (оттегінің)  түсуін  қамтамасыз  ететін
               тыныс  алу  органдарын  жеке  қорғау  құралдарында  орындау  қажет.  Табиғи
               желдетуге (аэрацияға) арналған бірінші белдіктің Люк-лаздарын ашуға мұнай
               (мұнай өнімдері) буларының резервуардағы шоғырлануы ШЖШШ аспайтын
               кезде  жол  беріледі.  Желдің  жылдамдығы  2  м/с  кем  болған  кезде  люктерді
               ашуға  және  резервуарды  газсыздандыруға  (мәжбүрлі  және  табиғи)  тыйым
               салынады.  Оларды  булау  кезінде  резервуарлардан  шығарылатын  бу-ауа

               қоспасын  адсорберлерге  (абсорберлерге)  немесе  мұнай  (мұнай  өнімдері)
               буларын  ұстауға  арналған  басқа  да  ұқсас  аппараттарға  жіберген  жөн.  Кері
               клапан  болмаған  жағдайда,  желдеткіш  тоқтаған  кезде  ауа  құбырында
               штепсель орнатылуы керек.
                     Газсыздандыру  (желдету)  аяқталғаннан  кейін  бу-ауа  қоспасының
               концентрациясын           жарылыс         қауіпсіз      газ     талдағыштармен           (газ
               дабылдағыштармен)  қайта  өлшеу  қажет.  Резервуарды  тазалау  кезінде
               жиналатын  пирофорлық  шөгінділер  ылғалды  күйде  ұсталуы  және  объект
               аумағынан жергілікті билік және өрт күзеті органымен келісілген орындарға
               шығарылуы тиіс.
                     Әрбір  үзілістен  кейін  және  от  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  жұмыс
               жүргізілетін  резервуардағы  және  оның  топырақ  үйіп  бекітілуінде  ауа
               ортасының  жай-күйін  бақылау  кезең-кезеңімен  (кемінде  1  сағаттан  кейін)
               жүзеге  асырылуы  тиіс.  Жұмыс  істеп  тұрған  резервуарлардан  жөнделетін
               резервуарға  желдің  бағыты  кезінде  жөнделетін  резервуардың  жел  жағынан
               булардың шоғырлануын өлшеуді кемінде әр сағат сайын жүзеге асыру қажет.
               Резервуарды желдету, тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу орнында және




                                                            101
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106