Оңтайлы басқару әдістері
Автор: Кожабекова П.А.
Год: 2025
Факультет: ИТ
Аннотация: «Оңтайлы басқару әдістері» оқу құралында оптимизация мен математикалық бағдарламалау саласының негізгі бағыттары – сызықтық және сызықты емес есептер, бүтін және параметрлік бағдарламалау, транспорттық тасымалдау, бөлшекті-сызықты есептер және ойындар теориясы – жүйелі түрде қарастырылады. Әр бөлімде алдымен есептің формальды математикалық моделі таныстырылып, оның геометриялық интерпретациясы және шешу тәсілдерінің негізгі идеялары (графикалық әдіс, симплекс пен жасанды базис, Гомори кесу-жақтау, потенциалдар, Лагранж көбейткіштері және т.б.) қысқа әрі анық баяндалады. Теориялық тұжырымдамалар нақты мысалдар мен иллюстрациялар арқылы түсіндіріледі, бұл оқырманға алгоритмдердің логикасын терең игеруге және оларды практикалық есептерді шешу барысында қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Оқу құралы жоғары оқу орындарының В057 - «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобының білім алушылары және пән оқытушыларына арналған.
📖 Читать книгу ← Вернуться на главную