Динамикалық жүйелер мен процестерді имитациялық модельдеу
Автор: Исмаилов Х.Б.
Год: 2025
Факультет: ИТ
Аннотация: «Динамикалық жүйелер мен процестерді имитациялық модельдеу» атты оқу құралында осы саладағы негізгі ұстанымдар мен модельдеу әдістері жан-жақты баяндалған. Бұл оқу құралында имитациялық модельдеудің теориялық негіздері мен әдіснамасы, сондай-ақ олардың нақты қолдану жолдары егжей-тегжейлі сипатталады. Оқу құралының әр бөлімінде AnyLogic бағдарламалық ортасын пайдалану арқылы модельдеу тәсілдері, сонымен қатар агенттік модельдеу мен жүйелік динамика негізінде құрылған модельдер қарастырылады. Ресурстарды тиімді басқару, жүйелердің жүріс-тұрысын және статистикалық сипаттамаларын модельдеу, сондай-ақ көлік ағындары мен жаяу жүргіншілер қозғалысын үлгілеу бойынша нақты мысалдар келтіріледі. Құралдың соңғы тарауларында имитациялық модельдеудің бағдарламалық платформаларын қолдана отырып жүргізілетін зертханалық жұмыстар мен оңтайландыру әдістері сөз болады.
📖 Читать книгу ← Вернуться на главную