Ботаника (өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы)
Автор: Исаев Е.Б., Кидирбаева Х.К., Ибрагимов Т.С.
Год: 2025
Факультет: ЕП
Аннотация: «Ботаника (өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы)» пәні өсімдіктер организмдерінің морфологиялық және анатомиялық құрылымын жүйелі түрде зерттеуге бағытталған. Пән өсімдіктердің клеткалық, ұлпалық және мүшелік деңгейлердегі құрылыстық ерекшеліктерін, олардың қалыптасу, дифференциациялану және морфогенез үрдістерін қарастырады. Сонымен қатар өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің құрылысы мен қызметтік маңызына талдау жасалады. Болашақ мамандарға жоғары сатыдағы өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысын ғылыми негізде меңгертеді яғни өсімдік ұлпаларының дифференциациясы, мүшелердің құрылыстық-функционалдық ерекшеліктері мен экологиялық бейімделу заңдылықтары жөнінде терең білім қалыптастырады. Сондай-ақ бұл пән- өсімдіктердің құрылымдық-функционалдық ұйымдасуын терең түсінуге мүмкіндік береді және биологиялық, аграрлық, биотехнологиялық, экологиялық зерттеулер мен қолданбалы бағыттар үшін теориялық негіз болып табылады.
📖 Читать книгу ← Вернуться на главную